2026 жылдың басынан бері Алматы қаласының құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан жалпы салмағы 235 келі болатын 4 270 дана суық қаруды тәркіледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Полиция департаментінде атап өткендей, тәркіленген заттардың арасында пышақтар, дубинкалар және басқа да қауіпті заттар бар. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мегаполис тұрғындарына заңды сақтауға және мұндай заттарды өзімен бірге алып жүрмеуге шақырды.
«Әсіресе жастар мен студенттерге үндеу саламыз: "керек болып қалар" деп мұндай заттарды өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз. Кәдімгі жанжал ауыр жағдайға ұласып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Ұрыс-керіс кезінде қол астында тұрған қауіпті зат оқиғаның одан әрі дамуын өзгерте алады», — деді ПД қызметкері Тимур Ногайбаев.
Полиция заңсыз айналым және қару алып жүру үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. «Біздің мақсатымыз — құқық бұзушылықтардың жолын кесу ғана емес, олардың алдын алу. Заңды сақтаңыз, айналаңыздағыларды құрметтеңіз және өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыз», — деп атап өтті Тимур Ногайбаев.


