Алматыда түнгі жанжалдан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қаладағы барлардың бірінің маңында болған төбелесте танымал қазақстандық рэперге қатысы бар деп күдіктенуде, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Төбелеске қатысы бар деген күдікке ілінген қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Койшубаев) туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде пайда болды. «30 тамыздан 31 тамызға қараған түні, шамамен таңғы 4-5 шамасында Фурманов, 118 мекенжайында шешендік өнер курсының тыңдаушысы қатты ұрып-соғылды. Зардап шегушінің және куәгерлердің айтуынша, оны қазақстандық рэпер Qurt, Дамир Койшубаев ұрған», — делінген @qwertgyassd деген пайдаланушының жазбасында.
Жарияланымға сәйкес, зардап шегуші өз таныстарымен, ал рэпер өз адамдарымен барда болған. Кейін екі топ арасында ауызша жанжал туып, ол мекеме сыртында төбелеске ұласқан. Жазба авторының айтуынша, соның салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. «Осы дерек бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Барлық қатысушының жеке басы анықталды. Оларды ұстау шаралары қолданылуда. Тергеу жалғасуда. Оның барысы департамент басшылығының бақылауында», — деді ведомствода.


