Алматының Әуезов ауданында стихиялық сауданың 7 ірі нүктесі жойылды. Онда заңсыз киім, көкөніс, сүт өнімдері мен гүлдер сатылған. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.
Қала әкімінің тапсырмасымен белгіленбеген жерлерде сауда жасаудың алдын алу және Алматы қаласының Абаттандыру қағидаларын сақтау мақсатында шаралар қолданылды. Сатушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Әуезов ауданы әкімдігінің хабарлауынша, «Жыл басынан бері аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша 698 әкімшілік хаттама толтырды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3,4 млн теңгеден асты». Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 1386 хаттама толтырылып, оның сомасы 5,3 млн теңгеден астам.
Сондай-ақ, жыл басынан бері Әуезов ауданында 192 стационарлық емес сауда нысаны бөлшектелді.


