Таң ата Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде сезген жерасты сілкіністері туралы жаза бастады. Болған оқиғаның мән-жайын қалалық Төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде алматылықтар өз сезімдерін әрқалай сипаттады. Threads желісіндегі nindzyamalysh деген пайдаланушы былай деп жазды: «Алматы, мен жер сілкінісін өзім ойдан шығарып алдым ба? Үйдегілердің ешқайсысы сезген жоқ, жаңалық та жоқ. Бірақ мен гүілді және біртіндеп басылған қысқа дірілді анық естідім».

aminowiz деген лақап атпен жазылған тағы бір пайдаланушы: «Уақыт 6:34, Алматыда метеорит түскендей бірдеңе құлағандай болды маған. Көршілер бірдеңе түсіріп алды деп ойладым. Бірақ топтағы достарым оларда да қандай да бір шу болғанын жазды. Міне, осындай бір секундтық жер сілкінісі де болады екен, ал ескерту келмейді», — деп атап өтті.

Кейбір қала тұрғындары сілкіністен үй қабырғалары дірілдегенін айтты. orazgul.nt аккаунтында былай делінген: «Алматы, 06:33-те жер сілкінісі болды, тіпті қатты күшті соққы болды, қабырғалар дірілдеді! Біз Наурызбай ауданындамыз, жеке үй, тағы кім сезді? Жерге ауыр бірдеңе құлағандай».

Алайда Алматы ТЖД мегаполисте сезілмегенін мәлімдеді. Ведомство Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметтеріне сілтеме жасады.

Онда бүгін Астана уақытымен 06:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелгені расталды. «Алматы қаласында сезілмеді. Жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар Алматы қаласының ТЖД-ға түскен жоқ», — деді баспасөз қызметінде.