Алматы тауларында қатты құлама болды: Үлкен Алматы көлінің маңында 2500 метр биіктіктен көлемі автокөліктей тастар құлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиғаның куәгері болған туристер бейнежазбаны түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Олардың айтуынша, ашық ауа райына қарамастан, таудан кенеттен тастар құлай бастаған, содан кейін айналаны қалың шаң басқан. Куәгерлер қауіпсіз қашықтықта болғандықтан, ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
Әлеуметтік желідегі пікір білдірушілер бұл — табиғаттың ескертуі деп, құрылысты тоқтатып, табиғатты қорғауға шақыруда.
Төтенше жағдайлар департаменті ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, №12 қар көшкіні жинағыш аймағында тау беткейінің жартасты бөлігінен тас құлаған. Құламаның себептері — тау жыныстарының табиғи үгілуі, температураның өзгеруі және атмосфералық жауын-шашынның әсері.
Құлаған тастар жолға жеткен жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, ешқандай қирау тіркелмеген.
Бұған дейін Непал мен Тибет шекарасындағы жойқын табиғи апат туралы хабарланған болатын. 26 тамызда Непалда мұздық құлап, салдарынан жүздеген адамның өмірін қиған қатты су тасқыны болды. Жыл сайын мыңдаған зияратшылар рухани ізденіс пен ой түйіндеу үшін баратын аймақ бір сәтте апат аймағына айналды.
Кейінірек Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасында қазақстандық туристі іздеп жатқаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел туристік топ құрамында болған және топпен бірге Непалдан Қытай аумағына өткен.


