Алматыда болжам бойынша 20 шілдеге дейін созылатын қатты ыстық кезеңінде көшелерді суару мен ауаны ылғалдандыру күшейтілді, деп хабарлайды infohub.kz.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы Алматы әкімдігімен бірлесіп Instagram-да видео жариялады, онда мамандар аномальды ыстықта қаланы салқындату шаралары туралы айтты.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 16-20 шілде аралығында қалада кей жерлерде температура +42 градусқа дейін жетуі мүмкін. «Биылғы маусымда алғаш рет термометр бағандары +40 градустық белгіден асады. Сондықтан қалада көше-жол желісін салқындату шаралары күшейтілді. Ең ыстық сағаттарда 128 көшеде суару және ауаны ылғалдандыру жұмыстарын жүргізетін 16 арнайы техника колоннасы жұмыс істейді. Бұл асфальттың қызуын төмендетуге, шаңды азайтуға және қала аймақтарындағы температуралық жүктемені азайтуға көмектеседі», — делінген хабарламада.

Күн сайын жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандарын жуу жалғасуда.