Алматыда сот шешімімен Бегалин көшесі, 140 үйге салынған екі қабатты қосымша ғимарат бұзылуда. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Қала құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, тұрғын үйге қосымша ғимарат пен үстіңгі қабаттың құрылысы сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобасыз жүргізілген.

"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама талаптары орындалмаған соң, басқарма сотқа талап-арыз берген", — делінген хабарламада.

2025 жылғы 24 қаңтарда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың тұрғын үйге салынған үстіңгі қабат пен екі қабатты қосымша ғимаратты бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

Меншік иесі сот шешімін орындау мақсатында нысанды бұзу жұмыстарын өз бетімен бастады.