Қазақстан Энергетика министрлігі Алматыдағы жарықтың жиі сөнуі мәселесін мойындады, алайда бұл апаттық жағдайлар екенін және жедел түрде жойылатынын атап өтті. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ернар Хасенов мәлімдеді, — деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Хасеновтың айтуынша, соңғы үш жылда Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр беру желілеріндегі ақаулар саны үш есеге азайған. Сондай-ақ ол жарықтың сөнуі үш сағаттан бір тәулікке дейінгі уақытта жойылатынын атап өтті.

«Кейде қарапайым сөнулер болады, оны жоққа шығармаймын. Қаланың кейбір шағын аудандарында жарық өшеді, бірақ бәрі жедел түрде 3 сағаттан бір тәулікке дейін жойылады», — деді Хасенов.

Төрағаның орынбасары Алматы қаласы мен облысындағы электр энергиясы тұтынушыларына «Алатау Жарық Компаниясы» қызмет көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылы компания ауқымды жөндеу науқанын жоспарлап отыр: 2,2 мың шақырым әуе және кабельдік электр беру желілерін, 212 қосалқы стансаны және 1,2 мың күштік трансформаторды жөндеу.

«Ұлттық жоба бойынша биыл 14 іс-шараны жүзеге асыру көзделген, оның ішінде Алматы қаласында 8 және Алматы облысында 6 жоба бар», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, өңірде «Комсомольская» жаңа қосалқы стансасын салу жоспарлануда.

Бұған дейін алматылықтар көршілерінің қарызына байланысты жарықсыз қалмайтыны хабарланған болатын.