Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда 27 шілде мен 2 тамыз аралығында жауын-шашынсыз құрғақ және ыстық ауа райы орнайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

27 шілдеде аспан ашық болады. Орташа температура +26 градус, күндіз +33 градусқа дейін көтеріліп, түнде +21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.

28 шілдеде де аспан ашық. Температура шамамен +25 градус, ең жоғары +31, ең төмен +20 градус. Жел 3,4 м/с дейін.

29 шілде – жауын-шашынсыз. Орташа температура +25 градус, күндіз +32, түнде +19 градус. Жел 3,6 м/с.

30 шілдеде аспан ашық болады деп күтілуде. Орташа температура +27 градус, ең жоғары +34, ең төмен +20 градус. Жел 3,3 м/с.

31 шілдеде ашық болады. Тәуліктік орташа температура +29 градус, күндіз +36-ға дейін, түнде +22 градус. Жел 3,6 м/с.

1 тамызда тағы да ашық аспан. Орташа температура +31 градус, ең жоғары +38, ең төмен +23 градус. Жел 3,9 м/с.

2 тамызда, болжам бойынша, жауын-шашынсыз ашық ауа райы. Орташа температура +32 градус, күндіз ауа +39 градусқа дейін жылынуы мүмкін, түнде +27 градусқа дейін суытады. Жел 5,7 м/с.