Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы ЖЭО-2-ні газға көшіру жұмыстарының 2026 жылдың соңына дейін аяқталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жылумен және газбен жабдықтау бөлімінің басшысы Нұрлан Әбдуәли Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ЖЭО-2-дегі жұмыстар қатаң кесте бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық қажетті жабдықтар нысанға жеткізіліп, қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Спікер жаңа станцияны газға көшіру арқылы іске қосу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланғанын атап өтті.

Ал ЖЭО-3-ке келер болсақ, Әбдуәлидің айтуынша, ол Алматы облысының аумағында орналасқан және облыс әкімдігінің қарамағында. Ол бұл станцияның Алматы қаласын жылумен қамтамасыз етуге қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында Алматыдағы барлық ЖЭО-ны газға көшіру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, қалалық ЖЭО-ларды газға көшіру жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екендігі белгілі болды.