2026 жылдың басынан бері Алматыда 3,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттарға негізінен қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу, апаттық жағдай туғызу, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау, сондай-ақ мас күйде көлік жүргізу себеп болған. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. Оның айтуынша, жыл басынан бері қалада 1300 мас жүргізуші ұсталып, көлік жүргізуден шеттетілді. Жалпы 1700 адам әкімшілік қамауға алынды – олардың қатарында мас күйде көлік жүргізгендер мен қос тұтас сызықты кесіп өткендер бар.