Алматы тұрғындарын Белбұлақ ауылындағы бақта күзгі алманы өз қолдарымен жинауға шақырады. Табиғат аясында уақытты пайдалы өткізу жайлы Kursiv LifeStyle басылымы жазды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бақта «Алтын превосходное» және «Американка» сорттарының алмаларын жинауға болады. Бағасы — килограммы 300 теңге. Алмадан бөлек, келушілер табиғи алма шырынын, сондай-ақ пастила мен повидло сатып ала алады.
Баққа қалай жетуге болады: ол Белбұлақ ауылында орналасқан. Абдығұлов атындағы басты көшемен төмен қарай түсіп, «Белбұлақ» дүкенінен өту керек. Бақ дүкеннен кейін бірінші оң жақта орналасқан.
Айта кетейік, Белбұлақ ауылындағы көрші баққа өнім ұрланғандықтан келушілерді кіргізуді тоқтатты. 2025 жылдың қазанында 30 жылдық алма бағының иелері оны қала тұрғындарына алғаш рет ашқан, бірақ түнгі ұрлықтардан кейін аумақты жабуға шешім қабылдады. Үй иесінің айтуынша, белгісіз адамдар алманы жәшік-жәшік етіп алып кетіп, ағаштарды бүлдірген. Сонда отбасы баққа енді қонақ қабылдамайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Алматыдағы «Алма әкесі» муралының тағдыры туралы жазған. Ол «фасадтан фасадқа» бағдарламасы аясында боялуы мүмкін.


