Alpecon Group компаниясы бұған дейін 9,5 млрд теңгеге жеміс өңдеу жобасын жүзеге асырған болатын. Енді ол Қызылорда облысында томат пастасы өндіретін зауыт салуға 2,3 млрд теңге инвестиция салады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында томат пастасын шығаратын ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Alpecon Group кәсіпорынды жаңғыртуға және заманауи өндірістік қуаттар құруға 2,3 млрд теңге инвестиция салады.

Компания зауытты бұрынғы иесі — Atmo Agro-дан сатып алуды көздеп отыр. Технологиялық жабдықтарды жаңарту, цехтар мен басқа да нысандарды жөндеу, сондай-ақ арнайы техника сатып алу жоспарлануда. Зауыттың қуаты тәулігіне 600 тоннаға дейін томат өңдейтін болады.

Кәсіпорынды іске қосу үшін компания томат өсіруге 2,3 гектар суармалы жерді игеруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Түркістан облысының фермерлерінен шикізат сатып алу қарастырылған. Жоба өсіру, өңдеу және дайын өнім шығаруды біріктіретін тұрақты өндірістік тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2026 жылдың маусымында Alpecon Group жылына 70 мың тонна шикізат өңдейтін жеміс-көкөністі терең өңдеу зауытын іске қосқан болатын. Кәсіпорынның құны 9,5 млрд теңгені құрады, қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкі қамтамасыз етті.

Adata деректеріне сәйкес, Alpecon Group компаниясының иелері Самат Балабеков және Ерғали Досжанов пен Жанаргүл Жақыповаға тиесілі Capital NS компаниясы болып табылады. Бизнесмендер туралы қосымша ақпаратты ашық дереккөздерден табу мүмкін болмады.