Қазақстандық тарихшы Жақсылық Сәбитов Алтын Ордада сыбайлас жемқорлық болғанын, алайда ол кезде пара мен жемқорлық қарапайым сыйлық ретінде қабылданғанын айтты. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовтың подкастында айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тарихшының айтуынша, Алтын Ордада параға қазіргіден мүлдем басқаша қараған. Олар назар мен құрмет белгісі саналған.

«Моңғол империясы арқылы өткен алғашқы саяхатшылар қатты таңғалған, өйткені олардан іс жүзінде сыйлық талап етілген. Әркім олардан бірдеңе алғысы келген. Еуропадан елшілер келсе, олардың кейбірі онша бай болмаса да, бәрібір олардан сыйлық талап етілген», — деді ол.

Параны саяси мәселелерді шешу үшін де қолданған. Мысалы, орыс княздары ұлы княздікке жарлық алу үшін Ордаға үнемі ақша апарған.

«Орыс княздары Алтын Ордаға барғанда, оларға бір мәселені шешу керек болды, мысалы, Владимирдің ұлы князі кім болады. Олардың әрқайсысы осы мәселені өз пайдасына шешу үшін ақша апарған», — деп қосты Сәбитов.

Сонымен қатар, сарапшы мұндай әрекеттерді қазіргі мағынада сыбайлас жемқорлық деп атауға болмайтынын атап өтті, өйткені сол дәуірдегі мемлекет құрылымы түбегейлі ерекшеленген.