Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева 28 қазанда 48 жасқа толды. Осы күні әртіс әлеуметтік желілерде жақындарының ортасында түскен жылы отбасылық суретін жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Фотода мерейтой иесінің қасында раушан гүлдері мен шоколадқа малынған құлпынай салынған екі үлкен себет, сондай-ақ туған күніне тартылған құнды сыйлықтар көрінеді.

«Қош келдің, менің 48-ім! Аллаға шексіз шүкіршілік пен мадақ. Маған тілегендеріңіздің бәрі сіздерге еселеп қайтсын. Жолдасым Әлішерге және қыздарыма мың алғыс. Сіздерді шексіз жақсы көремін», — деп жазды мереке иесі.

Әншіні туған күнімен Дариға Бадыкова, Мөлдір Мұқанова, Жазира Байырбекова және отандық шоу-бизнестің өзге де өкілдері құттықтады.

«Жүзге жет, қымбатты құрбым», «Бақытқа әрдайым кенеліп жүріңіз», «Жаңа жасың құтты болсын!», «Сіз мықты әйелсіз! Күшіңіз бен сұлулығыңыз әрдайым қасыңызда болсын», «Әмина — әкесінің көшірмесі», — деп жауап қатты әлеуметтік желі қолданушылары.

Бұған дейін Алтынай Жорабаева қызына «ұзату той» жасаған болатын. Кейін ол тойда жолдасының неге қатыспағанын түсіндірді.