Ақмола облысында «Алтынтау Көкшетау» АҚ кен орнында алғашқы жерасты жарылысы жасалып, бұл кенді жерасты әдісімен өндіруге көшудің басы болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Облыстық әкімдікте атап өткендей, бұл оқиға кенішті игеруде жаңа кезеңді ашты. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов: «Шахталық әдіске көшу — кәсіпорын үшін үлкен тарихи сәт. Бұл кен орнының қызмет ету мерзімін 2047 жылға дейін ұзартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпорынның дамуына жаңа серпін береді», — деді.
Өндірістік аумақты кеңейту үшін компанияға қосымша 1057 гектар жер телімі берілді.
«Алтынтау Көкшетау» — «Қазмырыш» ЖШС-нің алтын өндіру бөлімшесі. Бұған дейін өндіру ашық әдіспен жүргізіліп, жылына 15 тоннаға дейін алтын алынатын.
Аумақта алтын кен орны және 2009 жылы іске қосылған байыту фабрикасы жұмыс істейді. Онда кен төрт микронға дейін ұсақталады. Алынған Доре қорытпасы Өскемен металлургиялық кешенінің аффинаж зауытына жіберіледі.
Кәсіпорында 1700-ден астам адам еңбек етеді. Оның үлесі Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісінің 17%-ын және өңдеу өнеркәсібінің 23%-ын құрайды.
Бұған дейін «Курсив» «Қазмырыш» зауыттағы жарылыс пен сатылу туралы қауесеттер аясында Glencore-ге $771 млн табыс әкелгенін хабарлаған.


