АҚШ-тың Айдахо штатының тұрғыны Дэвид Раш Гиннес рекордтар кітабына тағы бір жетістігін қосты. Бұл жолы ол 10 пластик стақанды аудару жылдамдығы бойынша әлемдік рекорд орнатты. Оған дайындыққа шамамен бес ай уақыт кетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

UPI порталының жазуынша, бастапқыда бұл сынақ әріптесі Алекс екеуінің арасындағы достық жарыс ретінде ойластырылған. Алайда кейін ол ресми әрекетке толыққанды дайындыққа ұласты.

Нәтижеге жету үшін американдыққа айлар бойы табанды жаттығу мен мыңдаған сәтсіз әрекет қажет болды. Соңында Раш 10 стақанды небәрі 6,63 секундта аударып үлгерді. Осылайша ол бұрынғы 7,57 секундтық әлемдік көрсеткішті жаңартты. Трик барысында әр стақанды лақтырып, аударып, оның үстелге төңкеріліп қонуын қамтамасыз ету керек еді.

Дэвид Раштың есебінде бір мезгілде ұстап тұрған 200-ден астам Гиннес титулы бар. Ер адам өзінің ерекше перформанстарымен ғылым, технология, инженерия және математиканың маңыздылығына назар аудартады.

Жаңа жетістігінің қарапайымдылығы туралы сын пікірлерге жауап берген рекордсмен сыншыларға бұл трикті өздері қайталап көруді ұсынды.