Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
1 - сынып.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау, еске түсіру;
2. Дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен таба білуге дағдыландыру.
3. Өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
Күтілетін нәтижелер: 1. Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата, сұрақ қою біледі.
2. Өз ойын жеткізе білуге, сөйлемді дұрыс құруға үйренеді.
3. Өз ойынан әңгіме құрастырып, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
Әдіс - тәсілдер: Жеке, топтық, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Интербелсеңді тақта, дәптер, тапсырмалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу.
2. Үй тап. бекіту Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
Мамандықтар бойынша, заттар атауы бойынша топқа бөлу.
1 топ кім? Кімдер? 2 топ не? Нелер?
Сұрақ - жауап арқылы
3. Ой қозғау.
Галереяға саяхат: әдісі
Ұжымдық жұмыс. Суреттерге сұрақ қояды, сөйлем құрастырып айтады. (слайд 1)
4. Негізгі бөлім.
1 тапсырма: топтық жұмыс.
Терме диктант.
1 топ: Мына сөздердің ішінен кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
әдемі, жүгірді, ұшқыш, аңшы, гүл, терезе, суретшілер, әншілер,
сылақшы, биік.
2 топ: Мына сөздердің ішінен не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
Алмұрт, күлді, үй, ертең, ағаш, аспаз, қойшы, есек, тырна, ұзын. (бір - бірін тексеру) (слайд 2)
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер. жүктеу
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

