Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім.
Тұғыр қылып туған елдің төрінде,
Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Елбасы айтқан «ана тілі» құнды ұғым,
Төле, Әйтеке, Қазыбек елдің бірлігін.
Қасиет тұтып қастерлеген халықпыз,
Биігіңнен бәсеңдемей тұр бүгін.
Ана тілі ұлттың тілі аяулым
Тілсіз жерде көш соңында жаяумын
Тіл болмаса тірліктің де мәні жоқ
Тілім болса мен тірімін, ояумын.
Туған тілім тал бесіктен тербеткен,
Ұлағатын бойға жинап ер жеткен
Тіл рухын тіл тарқатып тарихтан
Сүрелі сөз озық ойды өрлеткен.
Баршамызда арман асқақ, тілек бір
Жүрегі нұр, жайсаң елміз тілі өткір
Қалқып алған қара сөздің қаймағын
Тіл татулық тұғырымды тіреп тұр.
Тіл тамыры терең тартқан жайсаң ел,
Аласармас алдымызда арқа бел
Болашаққа биік болып барынша
Азат елдің ана тілі арта бер.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз722 қаралым
#ұстаздар шығармашылығы#ана тілі туралы өлеңдер
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

