«Мерседес» италиялық пилоты Андреа Кими Антонелли 2026 жылғы «Формула-1» маусымының оныншы кезеңі – Бельгия Гран-приінде жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жарыс Спа қаласындағы автодромда өтті. Антонелли поул-позициядан старт алып, маусымдағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. 19 жастағы италиялық пилот жалпы есепте 204 ұпаймен көшбасшылығын нығайтты.

Екінші орынды «Феррари» пилоты, монегаск Шарль Леклер иеленді. Үшінші болып «Ред Булл» командасынан нидерландиялық Макс Ферстаппен мәреге жетті. Ол – төрт дүркін «Формула-1» чемпионы.

Төртінші орынды тағы бір «Феррари» пилоты Льюис Хэмилтон алды. Ол бірінші айналымда тағы бір британдық – Джордж Расселлмен соқтығысқаны үшін бес секундтық айыппұл алды. «Мерседес» өкілі (Расселл) жарысты аяқтай алмады.

Жалпы есепте Хэмилтон 159 ұпаймен екінші орында тұр. Расселл үздік үштікті 154 ұпаймен түйіндейді.