51 жастағы актриса Анджелина Джоли АҚШ-тың Шығыс жағалауынан жылжымайтын мүлік сатып алды. Ол Лос-Анджелестегі өз үйін сатып, кенже балалары есейген соң Голливудтан толық көшіп кетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Джоли Калифорниядан кетуді әлдеқашан жоспарлаған, бірақ Брэд Питтпен ажырасу шарттарына байланысты сонда қалып отырған. 2024 жылы ол The Hollywood Reporter басылымына егіздері Нокс пен Вивьен 18 жасқа толған соң ғана қаладан кете алатынын айтқан. Шілдеде егіздер есейді, содан кейін актриса көшуге кірісті.
Қыркүйекте жұлдыз Лос-Анджелестегі тарихи резиденциясын 24,75 миллион долларға сатты. Ол 1913 жылы салынған бұл үйді ажырасуға өтініш бергеннен кейін бірден алған еді — алты баласы әкесімен жиірек көріссін деп. Джоли 10 жыл тұрған үйде алты жатын бөлме, он жуынатын бөлме, фитнес-студия, шарап қоймасы және ашық бассейн болған.
Коннектикутте тұрумен қатар, актриса көп саяхаттап, үлкен ұлы Мэддокс дүниеге келген Камбоджада уақыт өткізуді жоспарлап отыр. Көшу отбасындағы кезекті өзгеріспен тұспа-тұс келді: ай басында Лос-Анджелес соты 18 жастағы Вивьенге әкесінің тегін ресми түрде тастап, Вивьен Маршелин Джоли болуға рұқсат берді. Бұған дейін Мэддокс, Захара және Шайло да осылай жасаған.


