Қазақстандағы аномальды ыстық жол қызметін цементбетон жабындылы трассалардың жай-күйін тәулік бойы тексеруге мәжбүр етті. Жоспарлы тексерулер кезінде мамандар Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында температуралық деформацияға ұшыраған алты учаскені анықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«КазАвтоЖол» мәліметінше, деформация орындарына дереу жол бригадалары мен арнайы техника жіберіліп, барлық зақымды жойды.

Қазіргі уақытта жол қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қатты ыстықта бетон жабындысы +60...+70 °C және одан жоғары қызып, плиталарда қатты кернеу пайда болып, деформацияға әкелуі мүмкін.

18 шілдедегі жағдай бойынша тұрақты бақылауда 1 636,5 шақырым жол бар. Республикалық маңызы бар цементбетон трассаларына мониторинг тәулік бойы жалғасуда.