Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әп-сәтте сенімділігіңізді артырудың 5 әдісі

Сенімділік бізге күнделікті жағдайда, бастықтан қызметіңізді көтеру туралы сұраған кезде, көлік сатып алуда, жиналыста немесе болашақ жұбайыңыздың ата-анасымен кездескен кезде аса қажет. Егер сіз күдік пен сенімсіздіктің шырмауынан шыға алмай жүрген болсаңыз, онда өзіңізді мақтан тұтып, еңсеңізді көтеретін кез келді.

1. Еңкейе бермеңіз

Егер сіз денеңізді тік ұстап, басыңызды көтеріп жүрсеңіз көзді ашып-жұмғанша 145%-ға сенімдірек боласыз.

- Әуелі шамаңыз келгенше созылыңыз. Сізді біреу арқанмен тартып жатқандай сезініңіз.

- Жауырыныңызды мүмкіндігінше төмен, жоғары тартыңыз. Егер жазу үстелінде ұзақ уақыт еңкейіп отырсаңыз, бұлай істеу оңай болмайды. 

- Иегіңізді көтеріп, тұп-тура алдыңызға қараңыз. Жүріп келе жатып, төмен қарамаңыз: сіздің алдыңызда бүкіл әлем тұр.

Егер дене бітіміңізбен біраз мәселе болса, арқаға арналған біраз жаттығуларды (мысалға, пулдаун және кір тастарымен жаттығулар) жасап жіберіңіз. Осылайша сіз арқаңыздың жоғары жағының бұлшықеттерін жаттықтырып, жаурыныңызды дұрыс ұстай аласыз. Немесе, өкшеңізбен, жамбасыңызбен және желкеңізбен керегеге сүйеніңіз. Дәл осылай тұрып, оған жауырыныңызды да тигізіңіз. Күнде осылай жасаңыз.

Егер сіз күні бойы креслода отырсаңыз, онда мына жаттығуларды жасап көріңіз: креслоға отырыңыз, содан кейін арқаңызды бүкпестен орныңыздан тұрыңыз. Егер алға аздап болса да еңкейсеңіз, жаттығуды дұрыс жасай алмайсыз.

Беліңіз шаршауы мүмкін. Өйтені ол мұндай қалыпқа үйренбеген ғой. Мұнымен де жұмыс істеңіз: күн ара планка (қолы жерге тіреп кеудені көтеру жаттығуы) жасаңыз (уақытты 2 минутқа дейін арттыра отырып), сонда омыртқаңызды ұстап тұратын бұлшықет қыртысы тас сияқты қатты болады. 

Бір ай бойы еңкіштікпен күресіңіз – бұл сыртқы келбетіңіздің сенімді көрінуіне үлкен қадам болары анық. Көп ұзамай-ақ сіз еш ойланбастан арқаңызды тік ұстайтын боласыз.

2. Қарқыныңызды бәсеңдетіңіз

Сіз мазасызданған кезде, даусыңыз әдеттегіден қатты шығады және өзіңіз ойлағаннан да тезірек сөйлей бастайсыз.

Ал көпшіліктің алдында (тыңдарманыңыз көп болса да, аз болса да) сөйлеген кезде толқысаңыз, өзіңіз қалағаннан да баяу сөйлеуге тырысыңыз. Тыныс алуды ұмытпаңыз. Өзіңізге тым баяу сөйлеген сияқты сезілуі мүмкін. Бірақ, сырт көзге сөзіңіз құлаққа майдай жағатын болады. 

3. Жымиыңыз

Қиындыққа немесе ыңғайсыз жағдайға тап болған кезде, өзіңізді қолға алу оңай емес. Демек, жүзіңіз де мұңайып тұрары анық. Көп ұзамай-ақ сіз туралы «ана бұрыштағы біртүрлі жігіт» деген сөз айтылады. Сондықтан, жымиыңыз. Өтірік, қорқынышты күлкімен емес, шын ниетіңізбен жымиыңыз. Ол үшін айнаның алдына тұрып, көзіңізді жұмып, төмен түсіріңіз. Содан кейін көзіңізді аша отырып, күлімсірей бастаңыз. Сіздің нағыз күлкіңіз осы.  

4. Көз таластырып ойнаңыз

Егер сіз мысығыңызбен ғана сөйлесіп, үйде жұмыс істейтін жан болмасаңыз, онда адамдармен көп қарым-қатынас жасайтыныңыз анық. Мысалы, түскі ас кезінде әріптестермен, дүкендегі сатушымен, кафедегі даяшымен немесе кездейсоқ жолаушымен.  

Соңғы рет адамның көзіне көзін тайдырып әкеткенше қашан қарап едіңіз? Егер сіз өзіңізге сенімсіз болсаңыз, онда көзіңізді үнемі бірінші жыпылықтатып қойған шығарсыз. 

Енді сіз кірпік қақпайтын адам боласыз.

Әр әрекетке шағын күрес ретінде қараңыз. Күліп тұрып, кірпік қақпасаңыз, қорқынышты көрінбейсіз. Егер сіз үнемі ұялшақ болған болсаңыз, онда алғаш бір-екі рет қиын болуы мүмкін. Бірақ, оны да еңсеруге болады. Әрекетке кіріскеніңізде, басқа адамдардың да сізден кем мазасызданбағанын бірден түсінесіз. Ал олардың көзіне ұзақ қарап тұрсаңыз, олар көздерін тез тайдырып әкетеді.

5. Құлақшаны алып тастаңыз

Сырт бейнеңізді өзгерте отырып, сіз ішкі жан дүниеңізді де өзгертуіңіз керек. Адамдар көбінесе өздерінің жаңа адам болғанына сене алмайды. Мысалы, адам арықтаса да өзін әлі толық сезініп жүруі мүмкін. Өзіңізге өзіңіз іліп қойған құлақшадан арылатын кез келді. Егер сіз ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінсеңіз, онда басқалар да мұны бірден сезуі мүмкін. Бәрімізде күдік болады. Ол түйсік деңгейінде қалыптасып, әдетте біздің қалаған нәрсеге қол жеткізуімізге кедергі келтіреді. Бар болғаны көп ойлана бермей, іске кірісіңіз.

- Егер біреуге қызығушылық танытсаңыз, үш секунд ішінде оның жанына барыңыз. Бұдан артық ойланып тұрсаңыз, жағдайды ұзақ сараптап, ақыры соңында қол қусырып қала бересіз.

Есіңізде болсын, егер сұрамасаңыз, жауаптың бәрі теріс болады. Сондықтан, аянатын ешнәрсе жоқ.

- Кеш кезінде танымайтын адаммен бірден танысыңыз. Күдіктің бәрін кері ысырыңыз: сонда сізді бәрі өзіне-өзі сенімді, керемет адам деп ойлайды.

- Айтатын сөзіңізді немесе таныстыруды дайындасаңыз, бірнеше сағат бойы уайымдап жүрмеңіз – басқа нәрсеге назар аударыңыз. Өзіңізді сарапқа салмай, жоспар бойынша әрекет етіп, сабырмен сөз сөйлеңіз.

Сіздің міндетіңіз

Осы бес қадамды орындау арқылы сіз бұрынғыдан да сенімдірек бола түсесіз. Осының арқасында сіздің әлеуметтік қарым-қатынасыңыз табысты бола түседі. Бұл сіздің сенімділігіңізді арттыра түседі. Онда сіз бұрынғыдан да сенімді түрде қарым-қатынас жасай аласыз. Осылай кете береді. Өзіңіздің сенімділігіңізді алып қар кесегі деп ойлаңыз. Сіз оны итерсеңіз болғаны, әрі қарай ол өзі-ақ үлкейе береді.

Бүгінгі сіздің үй тапсырмаңыз – басыңызды тік көтеріп, әдемі жымиып көшеде серуендеп бара жатып кем дегенде бес адамның көзіне тура қарап, жай ғана «сәлем» деңіз. Есіңізде болсын, олар көздерін бірінші түсіру керек.

Әуелі өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңіз мүмкін. Бірақ, оған кімнің несі кетеді? Бәрібір ол адамдарды енді көрмейсіз ғой. Әрі қарай тапсырманы күрделендіре беріңіз. Мысалы, танымайтын адаммен әңгімелесіңіз немесе көпшіліктің алдында сөз сөйлеңіз.

Сөз соңында айтарымыз, үлкен жауапкершілік үлкен күшпен келеді. Батылдық пен өзіне-өзі сенудің арасында нәзік шекара бар. Сондықтан, артық кетпеңіз. Өзіңізді өзгертіңіз, бірақ өзгермеңіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама