Apple мен Samsung компаниялары Meta-ны AI көзілдіріктердің әлемдік нарығынан ығыстыруға дайындалып жатыр. Apple алғашқы смарт-көзілдірігін 2027 жылдың маусымында WWDC конференциясында таныстыруды жоспарлап отыр, ал коммерциялық сатылым сол жылдың кейінгі айларында басталады. Ал Samsung өз құрылғысын 22 шілдеде Лондондағы Galaxy Unpacked шарасында жариялады. Екі компания да Omdia дерегінше әлемдік нарықтың 85,2%-ын иеленіп отырған Meta-ға лайықты бәсекелес бола алады деп күтілуде... деп хабарлайды infohub.kz.

Apple-дің смарт-көзілдірігін әзірлеу жекелікті қорғау жүйесін жетілдіру қажеттігіне байланысты кейінге шегерілді. Купертино компаниясы Vision Pro-ны іске қосудағы стратегияны қолданбақ: алдымен платформаны әзірлеушілерге таныстырып, содан кейін құрылғыны нарыққа шығарады. Құрылғы жергілікті деректерді өңдеуге басымдық беріп, бет-әлпетті тану және пайдаланушылардың суреттерінен AI-ды оқытудан бас тартады. Камерасыз нұсқасы да қарастырылуда.

Ал Samsung өз смарт-көзілдірігін Google, Gentle Monster және Warby Parker компанияларымен серіктестікте таныстырды. Qualcomm чипіне негізделген модель Google Gemini нейрожелісін пайдаланады. Құрылғы күзде сатылымға шығып, нақты уақыттағы аударма, навигация және дауыстық іздеу секілді функцияларға ие болады.

Екі компания да Meta-ға смарт-көзілдірік нарығында бәсекелес болу үшін өздерінің смартфон экожүйелерін пайдалануды көздейді.