АҚШ жағалауында бес адам болған санитарлық авиация тікұшағы суға құлады. Екі адам қаза тапты, тағы біреуі із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NBC4 телеарнасының мәліметінше, әуе кемесі Санта-Каталина аралынан ұшқаннан кейін көп ұзамай суға құлаған. Бортта бес адам болған.
«Төртеуін судан алып шығып, ауруханаға жеткізді. Олардың екеуі қаза тапты, тағы екеуінің жағдайы тұрақты. Аралдан материкке тасымалданып бара жатқан пациент әлі табылған жоқ», — делінген жарияланымда.
Апат Пэббл-Бич жағажайының маңында, Авалон қаласынан шамамен бір жарым шақырым жерде сағат 19:50 шамасында болған. Әуе кемесінің құлау себебі әзірге белгісіз.
«Қазір аймақтағы жағдай тыныш, сондықтан іздеуге қолайлы деп айтар едім. Бірақ апаттан кейін суда көп сынық бар. Сонымен қатар, суға тікұшақтан біраз отын төгілді», — деді АҚШ жағалау күзетінің қолбасшысы Марк Лихи.


