2026 жылы Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэла мұнайын сатудан 13 млрд доллардан астам табыс тапты. Бұл туралы Financial Times-ке сілтеме жасаған infohub.kz сайты хабарлайды.
Венесуэла президенті Николас Мадуро тұтқындалғаннан кейін, ел мұнайының экспорты АҚШ бақылауына өтті. Мемлекет басшысы болып вице-президент Делси Родригес келді.
Қаңтар айынан бері жөнелтілген мұнайдың құны шамамен 11,5 млрд долларды құрайды. Алайда тарихи баға модельдерін ескере отырып, жалпы сома 13 млрд доллардан асады деп күтілуде.
Наурыз айында АҚШ қаржы министрлігі Венесуэланың мемлекеттік PdVSA компаниясының қатысуымен американдық нарыққа мұнай жеткізу бойынша бірқатар мәмілелерге рұқсат берді. Венесуэлаға қатысты санкциялар ережесінде тыйым салынған барлық операцияларға рұқсат етілді.


