Павлодар облысы, Ақсу қаласында қатты желдің салдарынан жантүршігерлік жағдай тіркелді. Жол бойында келе жатқан таксидің үстіне ағаштың ауыр бұтағы құлап, салдарынан көлік ішіндегі жолаушы — 1968 жылы туған әйелоқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлер түсірген видеодан көліктің алдыңғы әйнегін тесіп өткен бұтақтың жолаушының кеудесіне қадалғаны көрінеді. Қатты соққыдан кейін жедел жәрдем келгенше әйел жан тәсілім еткен.

📹 Такси жүргізушісі ауыр жағдайдан соң есеңгіреп, жылап, көмек сұрағаны да видеоға түсіп қалған. Жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері мен полиция дереу оқиға орнына келіп, тиісті шаралар қабылдады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, ағаш құлауына байланысты жауапты қызметтерге тексеру жүргізілуде. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жеткені хабарланды.