Ақтауда бір мектептің мұғалімі сыпырушымен болған жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қала тұрғындары әлеуметтік желіде бір мектептің бақылау камерасынан түсірілген жазбаны қызу талқылап жатыр. Кадрларда мұғалімнің сыпырушымен жанжалдасып, су толы шелекті теуіп жібергені, одан кейін судың айналаға төгілгені көрінеді.

КТК телеарнасы хабарлағандай, педагог — лицей директорының жұбайы, ал сыпырушы бұрын оның үй шаруасына көмектескен. Мұғалімнің әрекеті Ақтау тұрғындарын наразылыққа тудырды.

Оқиғадан кейін Маңғыстау облысының білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Қосымша пән мұғалімі жанжал сыпырушының ол туралы өсек таратқанынан туындағанын айтты. Педагог лайықсыз мінез-құлқы үшін жұмыстан шығарылды.

«Қазіргі таңда комиссия шешімімен мұғалімге ескерту жарияланып, ол жұмыстан босатылды. Сонымен қатар полиция басқармасы да өз тексерісін жүргізіп жатыр, нәтижесі қосымша хабарланады», — деді Ақтау қаласының білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева.