Маңғыстау облысында жүргізушіні скорпион шағып, сапарын жалғастыра алмады. Оқиға 11 қазанда Ақтау маңындағы кәсіпорын жанында болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Lada.kz жазуынша, ер адам рөлде отырып-ақ өзін нашар сезінген. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шаққаннан кейін ол өзін нашар сезініп, көлікті басқара алмайтынын айтқан.
«Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді», — делінген жарияланымда.
Биология ғылымдарының кандидаты Марк Пестов скорпионға кезіккенде абайлап, сақтықпен әрекет ету керектігін айтты. Шаққан жер аздап ауырған иненің шаншуындай сезілуі мүмкін. Бірнеше сағат бойы ауырсыну, зақымданған жерде ісіну және удың жүйке жүйесіне әсерінен мазасыздық сақталуы ықтимал.
«Сабыр сақтап, зақымданған аяқ-қолды аз қозғауға тырысу керек. Сондай-ақ шаққан жерді сабынды сумен жуу қажет. Ауырсыну мен ісінуді азайту үшін суық компресті матаға орап қою керек. Шаққан жерді тілуге немесе күйдіруге, сондай-ақ уды сорып алуға тырыспаңыз. Дереу жедел жәрдем шақыру қажет», — деп қосты басылым.


