Ақтөбе облысында бензин құю кезінде ауыр күйік алған 46 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Ер адамның денесі толығымен дерлік күйіп кеткен, дәрігерлер бір апта бойы оның өмірі үшін күресіп, алайда науқасты аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қаза тапқан адамның есімі — Жұбандық Дүйсембаев. КТК телеарнасы сайтының дерегінше, оның денесінің барлығы дерлік күйген. Өрт 13 қазанда екі жұмысшы бензин құйып жатқан кезде шыққан. Екеуі де күйік алған, кейін зардап шеккендерді санавиациямен ауданнан облыс орталығына жеткізген.

Емдеуге Астанадан келген мамандар тартылды. Денесінің 40 пайызы күйген екінші зардап шегуші астанаға жеткізілді. Ақтөбедегі №1 көпбейінді аурухананың травматолог-дәрігері Нұрлан Әбішевтің айтуынша, «емдеу барысында бір науқасты санавиациямен Астана қаласына жібердік. Екінші науқас жарақаттың ауырлығына байланысты, 85 пайыз, қайтыс болды».

Төтенше оқиғаға қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Бұған дейін Ақтөбе облысында екі жұмысшының бензин құю кезінде ауыр күйік алғаны, ал дәрігерлер кейін зардап шеккендердің ауыр жарақаттары туралы айтқаны хабарланған еді — олардың бірі толығымен дерлік күйіп кеткен.