Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ақуыздың қандай пайдасы бар?

Ақуыз — денедегі әртүрлі ұлпалардың түзелуін және олардың қалпына келуін қадағалайтын қажетті қоректік заттар. Ағза оларды жануардан немесе өсімдіктен алады. Кардиологтар жүрек ақауы бар адамдарға ақуызы жоғары диетаны ұсынады, алайда, Финляндияда жаңадан жүргізілген бір зерттеуде мұндай диета ұстанған адамға жануарлардың ақуызын қолдануда аса мұқият болу керектігін ескертеді. Жұмыс барысында Шығыс Финляндия университетінің (University of Eastern Finland) мамандары жиырма жылға жуық уақыт бойы 42-ден 60 жасқа дейінгі 2400 ер адамның денсаулығын қадағалады. Қатысушыларды ақуызды тұтыну деңгейі бойынша төрт топқа бөліп қарастырды, нәтижесінде ең көп ақуызды жейтін адамдардың жүрек кемістігі 33% -дан асқандығын анықталды. Әсіресе жануарлар ақуызының әсері едәуір байқалды. Ал балық немесе жұмыртқа ақуыздары жүрек кемістігінің даму қауіпін арттыра қоймады. Дегенмен ғалымдар оларды зерттеу барысында белгілі бір шектеулердің болғандығын атап өтті.

Гронингендегі университеттік ауруханасының қызметкерлері (Нидерландтық University Medical Centre Groningen) жүрек кемістігі бар адамдарға ақуыз пайдалы екенін мәлімдеген. Бұл жұмыста 11 еуропалық елдерден орташа есеппен 68 жастағы 2300-ге жуық адамдардың медициналық деректері зерттелді және олардың шамамен төрттен бір бөлігі әйелдер еді. Сондай-ақ оларды топтарға бөліп, әрқайсысынан қанша адам қаза тапқанына дейін есептелді. Олардан ақуыздың күніне 40 граммын немесе одан аз тұтынған 31%, ал 70 грамм және одан көп мөлшерде тұтынған 18%-ы  қайтыс болған екен. Зерттеудің басты жетекшісі ақуызды тұтыну адамның бұлшықеттерінің құрылуына көмектесетінін атап өткен.

Американдық жүрек қауымдастығы (American Heart Association) еттің құрмынан табылатын жануар ақуызын шектеуді ұсынады. Ал жұмыртқа, бұршақ, балық, сүт өнімдеріндегі ақуызды артық дозалаудан қорықпай жей беруге болады. Ақуыз тәуліктік рационның 10-35%-ын құрауы тиіс және оны бір жолғы тамақтану кезінде 30 граммнан артық болмауы үшін (егер адам интенсивті жаттығумен айналыспаса) тәулік бойы қабылдайтын тағамдарға оңтайлы үлестіре білу керек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама