
- 09 сәу. 2025 12:37
- 81
Ақылы медициналық қызметтерге 10% ҚҚС салынады
Қазақстанда медициналық қызметтерге қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізіледі. Бірақ бұл салық тек ақылы медициналық қызметтерге ғана қатысты болады. Салық кодексінің жаңа редакциясында осыған қатысты норма ұсынылған. Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару және археология салаларын қосылған құн салығынан босатуды қарастырады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімі де қосылған құн салығынан босатылатын болады.
Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс отырысында қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болатынын айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5%, ал 2027 жылдан бастап 10% болады. Бұдан басқа, банк операцияларына қосылған құн салығы салынады, бірақ Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірге бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді.
-
Келес ауданында жасөспірім қыздың жүкті болып қалғаны анықталды. Оқиғаға байланысты 37 жастағы ер адам күдікті ретінде қамауға алынды.