Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әр түрлі жылдары шығарылған таңғажайып автомобильдер (фото, видео)

Автомобильдер отбасында өздерінің концепцияларымен және ғажайып мүмкіндіктерімен ерекшеленетіндері баршылық. Соңғы 60 жыл ішінде шығарылған ең таңғажайып автомобильдерді назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

 Fireberd III 

1959 жылы шыққан бұл машинаға қарасаңыз, оның кәдімгі автомобиль мен реактивті ұшақ қосындысы екендігі күмән тудырмайды. Өзгеше бір кузовқа ие бұл автомобильдің 2 бөлек авиациялық кабинасы болған. Басқару үшін де қарапайым руль емес, ұшақтарда қолданылатын джойстик орналастырылған. 7 артқы белағашы болған автомобильдің артқы дөңгелектері ауа тартқыштардың астында мүлдем көрінбейтін. Автомобильде 225 ат күшіне ие газ-турбиналық қозғалтқыш орнатылған болатын.

 Holden Hurricane 

1969 жылы «Дауыл» деген атқа ие купе шыққан болатын. Оған әскери ұшақтардағы сияқты ғана кіре алатынсыз: жүргізуші мен жолаушы салонға жайғасқаннан кейін, автомобильдің төбесі жабылатын, ал орындықтары төмен қарай шегініп, жатуға ыңғайлы болатын күйге енетін.

Holden Hurricane сол кездегі алдыңғы қатарлы электроникамен жабдықталған еді: оған артқы көрініс камерасы, климатты автоматты бақылау жүйесі, жабдықтардың цифрлық панелі, өзін-өзі күйге келтіретін радио және магниттер бойынша бағыт алатын навигатор орнатылған еді.

 Cadillac Cyclone 

1959 жылы Cadillac өзінің Cyclone атты концептісін шығарған еді. Бұл автомобильде бүгінгі күні танымал болған қақтығыстардың алдын алу жүйесі орнатылған. Бұл автоның алдыңғы бамперіне машинаның алдындағы жол бөлігін сканерлеп, жүргізушіні ықтимал қауіп-қатер туралы хабардар ететін радиолокациялық жүйе орнатылатын.

Оған қоса, Cadillac Cyclone ашылатын төбесімен және бытыра мойынтірекпен артқа қарай ашылатын есіктерімен ерекшеленетін.

 Toyota fun-vii 

Бұл автомобильді ХХІІ ғасыр машинасы деп те атайды. Toyota fun-vii автомобилінің кузовы түрлі бейнеконтентті машинаның төбесіне шығаруға мүмкіндік беретін арнайы материалмен жабдықталған. Нәтижесінде машина өзінің түсін ғана өзгертіп қоймайды, сондай-ақ, түрлі суреттер мен өрнектер салатын материал да болып табылады. Автомобиль корпусының толығымен сенсорлы екенін де ұмытпау керек.

 Мөлдір автомобиль 

Бұл машина 100% органикалық шыныдан жасалған болатын. Мөлдір автомобиль мысалында оған орнатылған қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын қарап көруге болады.

 

 BMW Jina 

Арнайы инновациялық конструкция мен кузовты жасауға арналған арнайы материал (спандекс) арқасында бұл машина өзінің сыртқы келбетін өзгерте алады. Кузовтың негізі электрлі жетек арқылы қозғалыс қалпына енетін алюминийден жасалған қаңқадан тұрады, ал жақсы иілетін және жартылай мөлдір спандекс қаңқаны толығымен қаптайды.

 

 Hydra Spyder 

Бұл машина жарыс кары мен моторлы қайықтың гибриді болып есептеледі. 3300 кг салмаққа ие автомобильдің 400 ат күшіне сай келетін V-8 алты литрлік қозғалтқышқа ие екенін де айта кету керек. Құрлықта Hydra Spyder 201 км/сағ дейін, ал су бетінде 85 км/сағ дейін жылдамдықпен қозғала алады. Суға кірер кезде жүргізушінің арнайы басқышты басуы шарт. Дәл сол сәтте пневможүйе дөңгелектерді алып тастайды да, машина қайыққа айналады.

 

 Kiravan 

Kiravan жүк көлігі дөңгелекті үйлердің ішіндегі ең кереметі болып саналады. Ол жалпы көлемі 772 литрді (жүру қашықтықтығы – 3 000 км) құрайтын бірнеше отын багына ие. Бұл автопойыздың барлық жүйелері кабинадан басқарылады. Сондай-ақ, Kiravan-да күн батареяларының блогы, аккумулятор, 25 кВт қуатқа ие дизельді генератор орнатылған. Бұл құрылғылар электрлік қажеттіліктердің бәрін өтеу үшін арнайы жасалған.

 

 Mercedes Benz F-Cell Roadster 

Бұл машина Mercedes-тің 1886 жылы шығарған алғашқы автомобилінің қазіргі заманғы нұсқасы болып табылады. F-Cell Roadster-дегі ретро-дизайн ХХІ ғасырдың заманауи технологияларымен өзара қосылғанымен, оның максималды жылдамдығы тек 25км/сағ ғана құрайды.

 

 Rolls-Royce 103EX 

Бұл концепт шығарушысы тарапынан болашақ автомобилі ретінде таныстырылған болатын. Ол кузовының өзгешелігімен және барлық Rolls-Royce-тардағы сияқты таңдандырарлық салонымен ерекшеленеді. Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл автоның дәстүрлі рулі мен педальдары жоқ, себебі ол автопилот арқылы жүру үшін арнайы ойлап табылған автолар қатарына кіреді.

 BMW Vision Next100 

BMW Vision Next100 жүргізушіні ықтимал қауіп-қатерлер туралы алдын ала хабардар етіп отыратын жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған. Сонымен қатар бұл автомобиль автопилоттау режимінде де қозғала алады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама