Хуситтердің астана әуежайына жасаған шабуылдарынан кейін бірқатар араб мемлекеттерінің авиакомпаниялары Сауд Арабиясына рейстерін тоқтатты немесе толықтай жойды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Хуситтер шабуыл жасаған Король Халид атындағы халықаралық әуежай 17 қазанға дейін жұмысын тоқтатты.
Бахрейннің Gulf Air авиакомпаниясы 12–17 қазан аралығында Бахрейн мен Эр-Рияд арасындағы екі бағыттағы барлық рейсті жою туралы хабарлады.
Qatar Airways соңғы оқиғаларға байланысты Эр-Рияд пен Даммамға ұшуларды уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінің ұлттық тасымалдаушысы Etihad Airways Абу-Даби мен Эр-Рияд арасындағы барлық рейсті 19 қазан, дүйсенбіге дейін жойды. Сонымен қатар компания сейсенбі мен сәрсенбіге жоспарланған Абу-Даби — Даммам рейстерін, сондай-ақ бейсенбіге дейінгі Абу-Даби — Жидда бағытындағы кейбір рейстерді жойды.
Кувейттің Kuwait Airways авиакомпаниясы 10 және 11 қазандағы мәлімдемелерінде Король Халид атындағы халықаралық әуежайдың уақытша жабылуына байланысты Эр-Риядқа рейстерді жоятынын жариялады.
Мысырдың EgyptAir авиакомпаниясы да 10 қазанда Каир мен Александриядан Эр-Риядқа ұшуларды Сауд Арабиясы астанасының әуежайы жұмысын қайта бастағанға дейін тоқтатқанын хабарлады.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына үндеу жасағанын жазған болатынбыз.


