Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Арақтың ағзаға беретін әсерлері

Ми: Ми жасушаларын өлтіреді. Бұл, уақыт өте келе ұмытшақтық, депрессия, ақылсыздық, голлюцинация (елес) сияқты нәтижелерге әкеп соғады.

Жүйке жүйесі: Жүйке ұштарында қабынуды тудырады, осыған байланысты сезім қабілеті әлсірейді, тіл байлану, дірілдеу және ауыртпалықтар пайда болуы мүмкін.

Жүрек және тамырлар жүйесі: Гипертония, жүрек бұлшық етінің үлкеюі, жүректе ұлғаю, қатты дүрсілдеп соғу болады.

Кеңірдек: Кеңірдек обырына (ракқа), көмей тамырларының кеңеюіне себеп болады.

Бауыр: Алдымен май басады. Алкоголдік гепотит және бауырдың циррозы пайда болады.

Асқазан – ішек-қарын: Асқазан жасушаларын нашарлатып гастрит және язва ауруларын тудырады. Іш өту және ісіктер пайда болады.

Тері: Бауыр бұзылғандықтан қанның құрамы өзгереді. Теріде дақтар, қызарулар, ісіктер, көз астында күлдіреулер пайда болады.

Сүйектер: Қанның құрамында кальций азайғандықтан, сүйектегі кальций қолданылады. Нәтижеде сүйектер әлсізденеді, тез сынғыш жағдайға ұшырайды.

Жыныстық жүйесі: Импотенция және қысырлыққа әкеліп соғады.

Жүріс-тұрыста: Сезім қабілетінде және жүріс-тұрыста келеңсіздіктер, әрекет еткенде бұлшық еттің қиналуы, қозғалыс координациясының бұзылуы, өзін-өзі жоғалту, немқұрайлы жүріс-тұрыс, аяқта тұруға қиналу, алкоголдік кома... болуы мүмкін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама