Түркияда танымал актер Арас Булут Ийнемли ұсталды. Ол есірткінің заңсыз айналымы туралы тергеуге қатысы бар тұлғалардың қатарынан табылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы NUR.KZ РБК-ге сілтеме жасап, ол өз кезегінде TGRT Haber жарияланымының аудармасына сүйеніп хабарлады. Арас Булут Ийнемли көрермендерге «Чукур» және «Ғажайып ғасыр» телесериалдарынан таныс.

Материал жарияланған кезде полицейлер 15 адамды ұстаған, олардың арасында актер де болған.

Қадағалау ведомствосының дерегінше, 18 қыркүйекте Стамбұл жандармериясына іске қатысы бар тұлғаларға — актерлерге, әншілерге, кәсіпкерлерге, мекеме иелеріне және блогерлерге қатысты ұстау, тінту және биологиялық сараптама жүргізу тапсырылған. Осыдан кейін олар жауап беру үшін прокуратураға жеткізілуі тиіс.

Бұған дейін Стамбұлда есірткі мен жезөкшелікке қатысты болжамды қылмыстар бойынша танымал актерлер мен музыканттарды қоса алғанда 22 адам ұсталғаны хабарланған.