Ардагер ұстаздарға арнау
Армысыздар ардагер ұстаздарым,
Сіздерсіз атпас менің ешбір таңым.
Еліміздің арқа сүйер ұлылары,
Бола білген сіздер мынау батырларым.
Арқалаған ел мен халық ар-намысын,
Көкіректе толған шер,бар болмысын.
Дәл сіздердей біртуар ұлы жандар,
Қайта туар күн барма елі үшін.
Кім ойлаған сіздердей жан тарих бетін,
Айналдырар ғажайыпқа қазақ үшін.
Талай жылғы жұмсаған еңбектерің,
Бұдан былай әрқашан да жана берсін.
Сол сәттің қиын-қыстау қиындығын,
Қазағымның бастан кешкен сор тұрмысын,
Жеңіске ұмтылған қазақ жалындарын,
Бүгінгі күнде сіздерден артық кім де білсін.
Ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін,
Жан аямай күрескен батырларым.
Әрқашан елім деп соққан жүректерде.
Мәңгіге сақталсын бұл тілектерім.
Арамыздағы Абен ағай, ұлы жандардың бірісіз,
Марат ағай, Якуб ағай, тарихтың айқын жырысыз.
Жаңыл апай, қазағымның мәні менен сәнісіз,
Балтөре апай, Жансая апай, елімнің жарқын күнісіз.
Арамызда ардагер ұстаздарымыз көп біздің,
Олар бүгін мақтанышы болып отыр елімнің.
Олардың бірі-математик,екіншісі-географ,
Ұштастырған тарихымен қазақ атты елімнің.
Қазір міне сол еңбектің көрдік біздер жемісін,
Жиналып біз барша қазақ тойлаймыз ел жеңісін.
Арамызда үміткерлер,ардагарлер аз емес,
Қане достар қол соғайық намысшыл қазақ елі үшін!
Ардагер ұстаздарға арнау
Ардагер ұстаздарға арнау
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз674 қаралым
#арнау#ардагер ұстаздар
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

