Арменияның экс-президенті Роберт Кочарян сот шешімімен екі айға қамалды, деп хабарлайды infohub.kz.

Армения Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің баспасөз хатшысы Марина Оганджанянның айтуынша, сот бұрынғы мемлекет басшысын қамауға алу туралы шешім қабылдаған. «Екі айға қамалды», — деді ол Кочарян ісі бойынша сот шешімі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет экс-президентке қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, ерекше ірі мөлшерде ақшаны жылыстатты және ерекше ірі мөлшерде пара алды деген айып тақты.

Бұған дейін Кочарян ұсталып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке жеткізілгені хабарланған болатын. Кейін оның ұлы Седрак та екі айға қамалды. Сонымен қатар, іс аясында комитетке Арменияның үшінші президенті Серж Саргсян шақырылып, оған да айып тағылды.

Сот отырысынан кейін Роберт Кочарянды ауруханаға алып кетті.