Қазақстанның рапирамен семсерлесу құрамасы Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. Соңғы күні команда әйелдер арасындағы турнирде өнер көрсетті. Рапирашылардың нәтижелерін шақырылған бапкер-кеңесші Артур Ахматкузин қорытындылады, деп infohub.kz сайты хабарлайды.
Ресейлік маман осы жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан ұлттық құрамасында шақырылған бапкер-кеңесші ретінде жұмыс істейді. Отандық рапирашылар сонымен қатар семсерлесу деңгейі өте жоғары ресейлік командамен бірге жаттығады. Ахматкузин қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатындағы өнері аяқталған соң, жаттықтыру қажет негізгі сәттер және бірлескен жаттығу процесі туралы айтып берді.
«Қазақстанның рапирамен семсерлесу құрамасы өте қызықты. Жігіттер шебер, бірақ қазір өздеріне және өз күштеріне деген сенім жетіспейді. Олар өз қабілеттерін түсінбейтін сияқты. Сенім нәтиже болғанда ғана келеді. Мен олардың еңбегі, берілгендігі мен өзін құрбан етуі арқылы нәтиже болады деп үміттенемін. Жігіттердің шеберлігі көрініп тұр, себебі кеңестік мектептің негізі бар. Техникасы және аяқ қимылы жақсы қойылған. Осындай базалық нәрселер меңгерілген, енді тек сенім қажет, ал ол тұрақты шығулар мен халықаралық турнирлерден кейін келеді, өйткені бәсекелестік процесінде жарысу маңызды. Дәл осы жерде, әлем чемпионатындағы өнер туралы айтсам, жұмысты бағалау әлі қиын. Мен командамен екі ай бұрын жұмыс істей бастадым. Нақты ұнағаны – жігіттер бірінші топтық турды сенімді өтті. Мен үшін екінші күнге шығу – көргім келетін минимум. Шығарылу кезеңіндегі жеңістер күтілген. Бұл тұста аздап жеткіліксіз болды. Қазақстан құрамасы үшін жақсы жағы – қазір Ресей құрамасымен бірлескен жиындар өткізіп жатырмыз. Ресейдің рапирамен семсерлесу құрамасы әлемде өте күшті. Жаттығу процесінде үлкен спарринг аламыз, осының арқасында шеберлік өседі. Күштілермен бәсекелесу – олардың артынан еру деген сөз. Мен үшін бұл прогресс айқын, себебі бірінші жиыннан айырмашылығын көріп отырмын. Жиындарда үнемі сынақтар, жауынгерлік тәжірибелер өткіземіз, спортшылар өздерін көрсетеді. Бұл еңбек ізсіз кетпейді деп үміттенемін. Бұл ұзақ процесс, олар талаптарды түсініп, қажетті дағдылар пайда болғаннан кейін, жақын арада нәтижелерде көрініс табады», — деді Ахматкузин.
Айта кетейік, 38 жастағы Ахматкузин 2016 жылы рапирамен семсерлесуден Олимпиада чемпионы, сондай-ақ Ресей құрамасы сапында 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.


