Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Будапешттегі Total Rapid Chess 2026 турнирінде өнер көрсетуін аяқтады. Ол 20-орынды иеленіп, 14 мың доллар жүлде ұтып алды — бұл қазіргі бағаммен 6,3 миллион теңгеден астам, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Америкалық Эндрю Хонгпен екінші күнгі тартыс та қарсыластың пайдасына шешілді — 13:7. Нәтижесінде АҚШ өкілі 19-орынға тұрақтады, ал Асаубаева үздіктер қатарының жиырмалығын түйіндеді.
«Бұл турнирді аяқтағаныма қуаныштымын, өйткені ол өте-өте шаршататын болып шықты. Қатты шаршадым — мұны күтпеппін. 10 күн ішінде өте мықты шахматшылармен 40-тан астам партия ойнадым», — деді Асаубаева өзінің Telegram-арнасындағы бейнехабарламада.
Жарыс чемпионы — француз Алиреза Фирузджа. Ол ең үлкен жүлдені — 80 мың долларды (36,4 миллион теңге) алды. Күмісті нидерландық Аниш Гири, қоланы америкалық Фабиано Каруана жеңіп алды.
Total Chess Pilot турниріне барлығы 24 гроссмейстер қатысты — 22 ер адам және екі әйел. Бұл турнир алғаш рет ұйымдастырылды.


