Самарқандта өтіп жатқан 2026 жылғы шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан командасымен тең түсті. Бұл нәтижені қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Спортшы өз пікірін Telegram-арнада жарияланған бейнежазбада айтты. Оның сөзінше, қазақстандық құрама жеңіске жақын болған, бірақ ойын нәтижесі олардың пайдасына шешілмеді.
«Баршаңызға сәлем. Біз бүгін Үндістанмен тең ойнадық. Матчта жеңуіміз керек еді, бірақ сәл сәтсіздік болды. Шынымды айтсам, күшім сарқылып барады, бірақ біз үшін өте маңызды соңғы үш партия қалды. Қазір екінші орында келеміз. Ертең Моңғолиямен қарамен ойнаймыз, міне осылай. Тым ұзақ олимпиада болды, біраз бітпей жатқандай. Құрамамыз жақсы, мүмкіндіктеріміз де жеткілікті, тырысамыз», — деді Асаубаева.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан екінші рет тең түсті.


