
- 25 нау. 2015 00:00
- 320
Әсем қала Будапешт
Мажарстан (Венгрия) елордасы Будапешт – дүние жүзіндегі ең көрікті қалалардың бірі. Дунай қаланы екіге бөліп өтеді: Буда – таулы жағалауға орналасқан, ал Пешт – көкжиектен де әрі созылып жатқан кең жазықта. Астанадағы ең үлкен ғимарат – парламент үйі; халық өкілдері мұнда мемлекеттік істерді талқылауға жиналады.