Ақмола гарнизонының әскери соты бала туғаннан кейін тұрғын үй төлемі заңсыз тоқтатылған әскери қызметшінің құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды infohub.kz.
ҚР Әскери сотының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Ақмола гарнизонының әскери соты әскери қызметшінің әскери бөлімге қатысты ағымдағы тұрғын үй төлемін тоқтату туралы шешімді заңсыз деп тану және оны алу құқығын мойындау туралы талап арызы бойынша әкімшілік істі қарады.
Сот анықтағандай, талапкер әскери қызметші болып табылады және бұрын тұрғын үй төлемін алып келген. 2025 жылғы 3 желтоқсанда бала туғаннан кейін ол отбасы құрамын ескере отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемін қайта есептеу туралы рапорт берген. Алайда, әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2026 жылғы 27 ақпандағы шешімімен және әскери бөлім командирінің 2026 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен тұрғын үй төлемі мүлдем тоқтатылған.
Іс материалдарын зерттей келе, сот ағымдағы тұрғын үй төлемін тоқтату негізсіз деген қорытындыға келді, өйткені шешім қабылдау кезінде талапкердің отбасы құрамының өзгеруіне және баланың туылуына байланысты мән-жайлар ескерілмеген.
Сот шешімімен ағымдағы тұрғын үй төлемін алу құқығы мойындалды. Жауапкерге баланың туылуын ескере отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемін жүргізу міндеті жүктелді. Сондай-ақ, жауапкерден мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.
Істі қарау нәтижесінде талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.


