Астана тұрғындары көлік кептелісіне тап болды: 2GIS сервисінің дерегінше, жолдардың жүктемесі 10 балға жеткен. Қала тұрғындары бұл туралы әлеуметтік желілерде жаппай жазып жатыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ең үлкен кептеліс туралы ақпарат Astanovka98 Telegram-арнасында пайда болды. Арна жазылушылары жағдайды белсенді талқылауда: «Қар жауса немесе көктайғақ болса, не болады», «Кім келді?», «Негізінен кептелісті жүргізуді білмейтіндер жасайды».

10 балдық кептеліс туралы деректі 2GIS картасы растайды. Елорданың сол жағалауындағы көшелер қызыл түспен белгіленген. Сонымен қатар, картада қалада бірнеше жол-көлік оқиғасы болғаны көрінеді.

Кептеліс пен ЖКО себептерін түсіндіруде жүргізушілер: «Жабылу», «Кептеліс, бағдаршамды алып тастаңдар», «Жөндеу жұмыстары» деп көрсеткен.

Бұған дейін Астана полициясы қаладағы жолдарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізушілерге үндеу жасаған. Онда жол жұмыстарының салдарынан қалада кептеліс жиілегені хабарланды. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын жағдайды түсінушілікпен қабылдауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолдарда жанжалды жағдайларға жол бермеуге шақырды.