Астана әкімдігі 2026-2030 жылдарға арналған 300-ден астам білім грантын еліміздің жоғары оқу орындарына бөлді, деп хабарлайды infohub.kz.

Құжаттарды қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді. Грантқа үміткерлер тиісті оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.

Гранттар мына жоғары оқу орындары мен білім бағдарламалары бойынша бөлінді:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – көлік қызметтері.

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты – мектепке дейінгі оқыту және тәрбие.

Халықаралық Астана университеті – мектепке дейінгі оқыту және тәрбие; бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; физика, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау; ақпараттық технологиялар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – мектепке дейінгі оқыту және тәрбие; бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; информатика, математика, физика мұғалімдерін даярлау; ақпараттық технологиялар; арнайы педагогтар даярлау (дефектолог, логопед, тифлопедагог, сурдопедагог).

Esil University – информатика және математика мұғалімдерін даярлау; ақпараттық технологиялар.