Ақтөбе облысының өндірушілері Астанаға ет, балық, көкөніс және басқа да өнімнің 200 тоннадан астамын әкеледі — жәрмеңке 3 және 4 қазанда өтеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Ақтөбе облысынан астанаға 200 тоннадан астам азық-түлік жеткізіледі. Жәрмеңкеге облыстың 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам өндіруші мен өңдеуші қатысады.
Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, балық, жұмыртқа, шұжық, ұн мен макарон және тағы басқа да өнімдер сатылады. Қатар Шығыс Қазақстан облысының өндірушілері де сауда жасайды. Олар 150 тоннадан астам өнім әкеледі.
«Елорда тұрғындары ет, сүт және балық өнімдерін, көкөніс пен басқа да тауарларды нарық бағасынан 15–20 пайыз арзан ала алады. Жәрмеңкеде өнімді «Айс+», «Агрофирма Тау», «Ново-Альджанский мелькомбинат», «Рамазан», «Айбек» ӘКК, «Степное», «Рокос», «Изет Грин Хаус», «Гринхаус Казахстан», «Глобал Мастер Групп» және өңірдің басқа да кәсіпорындары ұсынады», — деді әкімдікте.
Жәрмеңке ипподром аумағында, Қарқаралы көшесі, 1 мекенжайы бойынша өтеді. Ол таңғы 7:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өткен жылғы 7,9%-бен салыстырғанда небәрі 1,4%-ға өскенін хабарлаған болатын.


