Астанада 18 маусымнан бастап 2026 жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Бұл туралы infohub.kz астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, 20 шілдеден 2026 жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Сауран көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Ал Алматы көшесінің Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерімен қиылыстары ашық қалады.
Мұндай шектеулер Алматы көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскесінде көлік тоннелінің құрылысына байланысты енгізіліп отыр.
Автомобиль жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол жүру бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін аталған учаскелерде уақытша жол белгілері мен бағыттауыштар орнатылады.


