Астананың 23 жастағы тұрғыны әскердегі жыныстық зорлық туралы ойдан шығарылған әңгімесі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол бұл әңгімені әлеуметтік желіде ақша жинау үшін пайдаланған, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция мәліметінше, 2026 жылы ақпанда жігіт Threads-те анонимді жазба жариялап, әскерде қызмет ету кезінде командирінен қысым көргенін айтқан. Ол өміріне қауіп төнгенін, Қазақстаннан кету үшін ақша керек екенін жазып, аударымдарға арналған деректемелерін қоса берген.

Тексеруге бір қолданушының шағымдануы себеп болды. Тергеу әңгіменің толығымен жалған екенін анықтады. Сондай-ақ, жазба авторы әскерде қызмет етпеген.

Ол ақша жинау үшін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Тергеу анықтағандай, ол танысын адастырып, оның шотын пайдаланған. Екі күн ішінде осы шотқа 100-ден астам ақша аударымы түскен.

«Тергеу кезінде жігіт әңгімені тек ақша үшін ойлап тапқанын мойындады», — деп мәлімдеді полиция.

Сот оны екі бап бойынша кінәлі деп таныды — алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату. Үкім: үш жыл бас бостандығынан айыру.

Бұл оқиға ақпан айында Threads-те әскердегі жыныстық зорлық туралы анонимді жазба жарияланғаннан кейін кеңінен тарады. Сол кезде автор өзінің депрессияда екенін, өміріне қауіп төнгенін және елден кету үшін ақша жинап жатқанын айтқан.

Наурыз басында Қорғаныс министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ал Ішкі істер министрлігі жазба авторының әскерде қызмет етпегенін хабарлады.

Толығырақ — infohub.kz сайтында.