Астанада контент түсіру үшін қала бойынша атпен жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, елорданың 35 жастағы тұрғыны қаладағы мекемелердің біріне видео түсіруге қатысқан. Ол атпен жүріп, жаяу жүргіншілерге кедергі келтірген.

Полицияның айтуынша, ол әрі қарай «Бәйтерек» монументі ауданына бет алғанда, бір қиылыста жануар тротуарды ластап, көгалдарды зақымдаған. Осылайша, абаттандыру саласындағы заң талаптары бұзылған.

Екі құқық бұзушылық бойынша да ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын ҚР заңнамасының талаптарын сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және басқа жол қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.