Астанада Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгерді. Бұл туралы infohub.kz хабарлады.
CTS компаниясының хабарлауынша, өзгерістер №5, 5А, 14, 73 және 505 бағыттарына енгізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша автобустар өзгертілген бағыттармен жүреді. Бұл жолаушылардың кедергісіз жүруін қамтамасыз етіп, жөндеу учаскесіндегі кептелістерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Қала тұрғындарына сапарларын жоспарлауда осы өзгерістерді ескеру ұсынылады.


